$498.55 €524.28 ₽4.75
×

2022 жылғы XXIV қысқы Ақ Олимпиаданы өткізу Алматыға бұйырмады

AstanaTV
31.07.2015ж. 20:00
1622
2022 жылғы XXIV қысқы Ақ Олимпиаданы өткізу Алматыға бұйырмады

Жиырма төртінші қысқы Ақ Олимпиаданы өткізу Алматыға бұйырмады. Малайзия астанасы Куала-Лумпурде өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің 128 сессиясында ойындарды өткізу құқығын Бейжің қаласы жеңіп алды. Оны халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах жариялады. 

Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын 85 делегат дауыс беру арқылы таңдады. Нәтижесінде Бейжің қаласы басым дауыспен Алматыны басып озды. Малайзия астанасында Алматы мен Бейжің өз таныстырылымдарын өткізген.

Ойындарды өткізуге лайық қала ретіндегі Алматының артықшылықтары айтылды. Мәселен, 2011 жылы қысқы Азия ойындарын өткізу тәжірбиесі, 2017 жылы қысқы Универсиада өткізілетіні жайлы мәлімет келтірілген.

Ал Бейжіңнің артықшылығы ретінде 2008 жылы жазғы Олимпиада ойындарын өткізу тәжірбиесі аталды. Алматының өтінімін Куала-Лумпурде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бастаған қазақстандық топ таныстырды. Сондай-ақ Серік Сәпиев, Ермахан Ибраимов, Денис Тен сынды әлемге Қазақстанның атын шығарып жүрген атақты спортшылар да қатысты.

Берік ХАСЕНОВ