$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Ақ Олимпиаданың астанасын анықтау сәтіне куә болуға асыққан Алматы жұртшылығы Абай алаңына жиналды

AstanaTV
31.07.2015ж. 20:00
1209
Ақ Олимпиаданың астанасын анықтау сәтіне куә болуға асыққан Алматы жұртшылығы Абай алаңына жиналды

2022 жылғы Ақ Олимпияданың астанасын анықтау сәтіне куә болуға асыққан Алматы жұртшылығы да Абай алаңына жиналған еді. Қала тұрғындарының көңіл-күйі көтеріңкі болды. Көрермендер мұнда концерт тамашалап, театрландырылған көріністерді көрді. Сондай-ақ олар Куала Лумпурде өткен дауыс беру рәсімін үлкен экраннан тамашалады.

Айта кететін жәйт: Алматы қаласы Халықаралық Олимпиада комитетіне ресми түрде өтініш берген бірінші қала. Бейжіңмен салыстырғанда, Алматының артықшылығы - спорт нысандары 70 пайызға дайын болатын. Оның үстіне жарыс алаңдары шаһардың небәрі 30 шақырым аумағында, яғни жинақы орналасқан. «Сонымен бірге Алматы қаласының климаты қысқы спорт түрлерінен жарыстар өткізуге өте қолайлы еді», - дейді отандық спортшылар.

Ислам Байрамуков, еркін күрестен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері:

Жоқ ешқандай өкініш жоқ. Бір жағынан осындай мәреге, додаға қосылып, қатысып тәжірибе жинадық, бір жағынан алып қарайтын болсақ. Бірақ енді олимпиада қозғалысын ұйымдастырған Пьер де Кубертен мақсаты - қатысу. Қатыстық, көрдік, ішінен көрдік. Келесі жолы жіберген қателіктерді жібермеуге тырысу керек.

Самат ҚАНАҒАТОВ