«ЭКСПО-2017»
халықаралық көрмесі аясында ішкі және сыртқы туризммен айналысып, қызмет
көрсететін отандық туроператорларға лицензия алу тәртібі жеңілдетіледі. Ал
шағын туроператорлар оны алудан мүлде босатылуы мүмкін.
Бұл туралы
журналистермен кездесуде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының
орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева мәлімдеді. Айтуынша, көрмеге келуші
шетелдік қонақтарға арналған туристік бағыттар тек Астанада ғана емес, бүкіл
Қазақстан аумағында ашылады. Осы орайда автобус және темір жол туристік
саяхаттарын ұйымдастыру көзделуде. «Аталған қызметті қолға алып, ішкі туризмді
дамытуға үлес қосатын туристік компанияларды лицензия алудан босату,
Қазақстанда туристік класстерді дамытуға оң әсерін тигізері анық»,- деді Гүлнәр
Құрбанбаева.
Гүлнәр
Құрбанбаева, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары:
Көрме
кезінде автобус және темір жол турларын ұйымдастыру көзделуде. Шағын
туроператорлардың арқасында туристік бағыттағы жолдардың бойында жеке қонақ
үйлер мен хостелдер ашу жоспарланып отыр. Туристер еліміздің ең көркем жерлерін
аралап, ұлттық парктерімізді тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Қазір осы
бағытта он жоба ұсынылды. Біз қазақстандық туроператорларды қолдап, лицензия
алу тәртібін жеңілдетпекпіз. ЭКСПО-ға қызмет ететін отандық туроператорларды
лицензия алудан мүлдем босату мүмкіндігі де қарастырылуда.
Жұрағат БАМАН