$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Тамыз айынан бастап электронды сандық қолтаңба қалта телефондарында қолданыла бастайды

AstanaTV
31.07.2015ж. 20:00
1808
Тамыз айынан бастап электронды сандық қолтаңба қалта телефондарында қолданыла бастайды

Тамыз айының 18-нен бастап қазақстандықтар электронды сандық қолтаңбаны ұялы телефон арқылы қолдана алады. Ол үшін гаджет ұстау міндетті емес, тек телефонның интернетке қосылу мүмкіндігі болса жеткілікті.

Қолтаңба сим-картаға бекітіледі. Ол үшін әзірге бір ғана ұялы байланыс операторымен келісім жасалған. Жаңа нөмір сатып алу 200 теңге. Ал ескі нөмірге цифрлы қолтаңба бекіту 101 теңге тұрады. Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек. "Электронды үкімет" арқылы көрсетілетін кең тараған 6 қызмет түрін қамтуға да енді ұялы телефонның көмегімен қол жеткізе аласыз. 

Гүлмира Исабекова, мобильді үкімет жобасының жетекшісі:

Сим-картаға цифрлы қолтаңба орнату үшін, ұялы байланыс операторына немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, пластикті ауыстырып, оған өз қолтаңбаңызды бекітіп беруді сұрайсыз.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ