$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Нұротандықтар халықты жергілікті өзін өзі басқару жүйесіне белсене қатысуға шақырады

AstanaTV
31.07.2015ж. 20:00
2406
Нұротандықтар халықты жергілікті өзін өзі басқару жүйесіне белсене қатысуға шақырады

«Нұр Отан» партиясы қазақстандықтарды жергілікті өзін өзі басқару жүйесіне белсене қатысуға шақырады. Олар дәл осы әдіспен ауылдар мен шағын аудан, қалаларды абаттандырып, көркейтуге болады деп сенеді. Жергілікті проблемаларды шешуге ең алдымен үкіметтік емес ұйымдар ат салысуы тиіс.

Мәжіліс депутаты Рауан Шаекин «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалында өткен жиында жергілікті басшыларға осындай ұсыныс жасады. «Жергілікті өзін өзі басқару жүйесін» дамыту тақырыбын аймақ, қала басшылары мен ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының мүшелері талқылады. Сарапшы топтың пайымдауынша, қоғамды өзін-өзі басқаруға тарту Қарағанды облысында оң нәтиже берген. Бес-алты ауылда халық бірлесіп, қаржы жинап көшелерді абаттандырған. Бұл өз кезегінде жеке бюджеті жоқ елді мекендерге оң септігін тигізуде.

Депутат Рауан Шаекиннің айтуынша, аудан-ауылдардың жеке қаржы қорын қалыптастыру жоспары талқыланып жатыр. Нәтижесінде мемлекеттік және жергілікті өзін -өзі басқару туралы заңға өзгерістер енгізу жобасы үкіметке ұсынылуы мүмкін. Әзірге жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту концепциясы халықпен тығыз байланыстың тиімді екенін дәлелдеген. Енді тұрғындарды өз проблемаларын үкіметтік емес ұйымдар арқылы шешуге шақыру қолға алынбақ. 

Айжан ҚУАШ