Керекуде
қоғамдық көліктерде жолақы қымбаттады, енді тұрғындар бұрынғыдан 5 теңгеге артық
ақша төлемек. Сөйтіп, тамыздың 2-сінен бастап Павлодарда автобус, трамвай және
бағыттағы таксилер үшін бірыңғай тариф енгізілді, яғни көліктің барлық түрлеріне
жолақы 60 теңге болып белгіленді.
Қалалық әкімдіктің таратқан мәліметіне
сәйкес, бірыңғай тарифті бекітуге бірнеше жағдай себеп болған. Оның негізгісі -
қосалқы бөлшектер мен коммуналдық төлемдердің қымбаттауы. Сондай-ақ, дизель
отыны бағасының 15 пайызға өсуі тасымалдаушыларды бұл қадамға баруға
итермеледі, - дейді шенеуніктер.
Айта кетсек, бұған дейін Павлодардағы тасымал
ақысы автобуста - 50 теңге, трамвайда - 55 теңге, ал бағытты таксидің құны 60
теңге болатын. Соңғы рет тариф 2013 жылдың қаңтарында қымбаттаған.
Асқар
Ғазизов,
Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:
Барлық қоғамдық көліктердегі
жолақы бірыңғай 60 теңге деп бекітілді. Бірақ бұл өзгеріс жеңілдікке ие
жандарға қатысты емес. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, көп балалы аналар, 1-2 топтағы
мүгедектер мен ата-ана қамқорлығынан айрылған балалар бұрынғыша тегін
жүреді. Немесе жолақының жартысын төлейтін болады.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ