$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Еуразиялық құқық қорғау орталығы» ұйымының өкілі «қылмысын қайталаған педофилдерге химиялық кастрация жазасын қолдануға болады» деген пікірде

AstanaTV
04.08.2015ж. 20:00
1715
«Еуразиялық құқық қорғау орталығы» ұйымының өкілі «қылмысын қайталаған педофилдерге химиялық кастрация жазасын қолдануға болады» деген пікірде

Балаларға азғындық көрсетіп және осы қылмысын қайталаған педофилдерге химиялық кастрация жазасы қолданылса, дұрыс болады. Десе де, жазаны бұлайша қатаңдату туралы шешім қабылдауда асығыстық танытудың қажеті жоқ.

Бүгін журналистермен кездесуде «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» үкіметтік емес ұйымының өкілі Ермек Әбдірасұлов осындай пікір білдірді. Айтуынша, кәмелеттік жасқа толмағандарға зорлық көрсету әрекетін жасағандарға медициналық кастрация қолдану әлемнің біраз елінде бар. Атап айтқанда, мұндай жаза Израиль, Бельгия, Франция, және Польшада қолданылуда. Десе де, бұдан балаларға қатысты қылмыстың азайғаны байқалмаған көрінеді.

Осы орайда заңгер, мәжбүрлі химиялық кастрация мәселесін жан-жақты қарастыру қажет екенін, айтты. «Біз жазадан қалай болғанда да құтыла алмайтыны туралы түсінікті қылмыскердің санасына сіңіруіміз қажет», - дегенді де қоса кетті.

Жұрағат БАМАН