$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Тайландта адам саудасымен айналысқан 5 адам қамауға алынды

AstanaTV
04.08.2015ж. 20:00
1408
Тайландта адам саудасымен айналысқан 5 адам қамауға алынды

Тайландта адам саудасымен айналысқан 5 күдікті қамауға алынды. Олар тай әйелдерін Қытайға сексуалды сипаттағы құлдыққа сатқан көрінеді.

Рейтерстің хабарлауынша, полицейлер тірі тауар сатып келген тұтас бір жүйені әшкереледі. 4 әйел мен бір ер адамнан құрылған қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы Малайзия мен Сингапурде жұмыс істеп келген сыңайлы.

Тайланд полицейлері бұлардан бөлек тағы 4 күдіктіні қамауға алуды көздеп отыр. Қытай билігі де өз тарапынан адам саудасына қатысы бар екі азаматты құрықтады. Тәртіп сақшыларының дерегінше, бүгінге дейін жиырмадан астам әйел осындай ұйымның құрбаны болған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ