$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Сицилия сақшылары Коза Ностра қарақшыларының 11 мүшесін қамауға алды

AstanaTV
04.08.2015ж. 20:00
1265
Сицилия сақшылары Коза Ностра қарақшыларының 11 мүшесін қамауға алды

Сицилия сақшылары Коза Ностра қарақшыларының 11 мүшесін қамауға алды. Оларға 1993 жылдан бері іздеуде жүрген итальяндық мафия серкесі Маттео Мессин Денаромен байланыс орнатты деген айып тағылуда. Рейтерстің хабарлауынша, полицейлер мафия өкілдерін 2012 жылдан бері бақылаған.

Мына бейнежазбада олардың жергілікті қой фермаларының бірінде өткен жасырын кездесуі түсірілген. Қылмыскерлер қолға түспес үшін электронды құрылғылардан мүлде бас тартқаны байқалады. Сондықтан оларды ұстау оңайға түскен жоқ, дейді сақшылар.

Қылмыстық топтың әшкере болғаны жайлы хабарды Италия премьер-министрі қуана қабылдады. Операцияны мафия өкілдері үшін ауыр соққы деп бағалаған премьер, тез арада Коза Ностра көсемін құрықтауды тапсырды.

Айта кетейік, 53 жастағы Денаро 50 адамды өз қолымен  өлтіріп, қатігездігі үшін ел арасында «сайтан» деген лақап атқа ие болған адам. 18 жылдан бері  ұстатпай жүрген мафия серкесін Forbes журналы қолға түспейтін қылмыскерлердің ондығына кіргізді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ