Қызылорда
облысында ұсақ малдың жаппай қырылу оқиғасы әлі де жалғасуда. Қазіргі таңда
өлген қойлардың саны 1320 басқа жетті.
Еске сала кетейік, 13 шілдеден бастап Жаңақорған ауданының бес
бірдей қожалығында қойлар қырыла
бастады. Өткен аптада өлген мал саны мыңға жуықтаған еді. Одан бері жағдайдың
жақсармағаны байқалды. Бір өкініштісі, жаппай жүргізіліп жатқан егулерге
қарамастан, белгісіз індеттің таралуы
толастар емес.
Ветеринар мамандар қойларға эндотоксимия және пастереллез
диагнозын қойып отыр. Бұл індеттердің
пайда болу себебін аймаққа арнайы келген Қазақ ғылыми-зерттеу
институтының ғалымдары мен ұлттық референттік орталықтың мамандары анықтауға кірісті. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, өткен аптада жергілікті билік ауданда төтенше жағдай
жариялаған еді.
Ерсұлтан Әпетов, Қызылорда облыстық ветеринарлық бақылау басқармасының басшысы:
Қазір
республикалық эпизооотрядтың бөлімшілері жұмыс жасап жатыр, сегіз бригада,
вакциналар егу, дезинфекция жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Вакцина салғаннан кейін өзінің инструкциясы бар 14-16 күнге дейін иммунитет
қалыптасуы керек, содан кейін барып ауру тоқтай бастайды.
Шарипа САҚТАПОВА