$520.93 €609.07 ₽6.68
×

ДСҰ құрамында Қазақстанның барлық экспорттық кедендік төлемдері сақталады

AstanaTV
05.08.2015ж. 20:00
1193
ДСҰ құрамында Қазақстанның барлық экспорттық кедендік төлемдері сақталады

Қазақстан ДСҰ енген соң да  экспорттық кедендік төлемдер мөлшерін өзгеріссіз қалдырады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің өкілі мәлімдеді. Шенеуніктердің сөзінше, үкімет мұндай төлемдерді тауарлардың аз ғана түріне қатысты қолданады. Олардың қатарында тері және жүн өнімдері, қара, түрлі- түсті металлдар мен мұнай бар.

Айта кетейік, Қазақстан 27-ші шілде күні ресми түрде ұйымға мүше ретінде қабылданды. Ұлттық экономика министрлігі мамандарының сөзінше, еліміз ДСҰ-ға өзіне тиімді шарттармен ену үшін барын салды. Келіссөздердің тым ұзақ уақытқа созылуының бір себебі осында жатыр.

Жанель Күшікова, ҚР ҰЭМ сыртқы сауда департаментінің директоры:

Еуропалық одақпен ұзақ келіссөздер нәтижесінде біз қазіргі бар тауар түрлеріне қолданылатын экспорттық төлемдерді сақтап қалдық. Сондай-ақ болашақта басқа да тауар түрлеріне экспорттық төлем енгізгіміз келсе, ДСҰ мүшелерін хабарландырып барып төлем тағайындау туралы шартқа да қол жеткіздік. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ