$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Энергия тиімділігін арттыруға салынған инвестицияларды үнемделген қаражат есебінен қайтару көзделуде

AstanaTV
05.08.2015ж. 20:00
2057
Энергия тиімділігін арттыруға салынған инвестицияларды үнемделген қаражат есебінен қайтару көзделуде

Энергия тиімділігін арттыруға салынған инвестицияларды үнемделген қаражат есебінен қайтару көзделуде. Бұл әсіресе еліміздегі өндіріс пен коммуналдық шаруашылық саласына қатысты.  

Бүгінде Қазақстанға заманауи үнемді технологияларды тарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Оны «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» мен Германияның энергия-сервистік компаниясы бірлесе отырып қолға алды. Аталған жүйені бір ізге түсіру үшін,  республикалық бюджет туралы заңға, сондай-ақ табиғи монополияларды қолдану заңнамасына тиісті өзгертулер енгізіледі, - дейді Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау. Оның сөзінше, отандық өнеркәсіп саласы елімізде өндірілген барлық электр қуатының 70 пайызын тұтынады. Тиісінше ең шығыны көп сала да осы өндіріс ошақтары болып отыр.

Альберт Рау, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

Егер  бір мектеп жылу үшін бюджеттен жылына 1 млн теңге алып келсе, оған энергиялық тиімді қондырғы орнатылған соң, жылуға жұмсалатын қаражат 800 мыңды құрады. Бірақ қаржы бөлімі жылуға бұрынғыша 1 млн аударады. Ал үнемделген ақшаны инвестор алады. Олардың салған қаражаты толық өтелген соң, ақша мемлекетте қалмақ. Яғни бюджеттен 1 млн емес, нақты есеп бойынша қажетті 800 мың теңге ғана төленеді. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ