Астана
әуежайында жарылғыш зат орнатылды деген ақпарат расталмады. Қазір құқық қорғау
органдары жалған ақпарат таратқан ер адамның аты-жөнін анықтап жатыр.
Айта кетейік, бүгін таңертең белгісіз ер адам әуежайдың анықтама қызметіне
телефон соғып, ғимаратқа бомба қойылғанын айтты. Әуежайдан мыңнан аса адам
эвакуацияланған. Жарылғыш затты іздеу бойынша жұмыстар жүргізіліп, төрт рейс
кешіктірілді, олардың бірі - Қазан қаласына ұшатын халықаралық рейс. Осы уақытта
Астанаға ұшып келген бірнеше рейстің жолаушылары әуе кемесінің бортында отыруға
мәжбүр болды.
Қазір әуежай қалыпты жұмыс кестесіне көшкен. Жолаушыларға қызмет
көрсету, жүктерді тасымалдау күндізгі сағат он бірлер шамасында қалпына келді.
Асан ҚАЛИАХМЕТ