Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Заңдар қатайтылады

AstanaTV
11.06.2016ж. 20:00
1394
Заңдар қатайтылады

Ал терроршыларға келсек, кеше ҰҚК Ақтөбеде арнайы операция жүргізіп, іздеудегі 4 лаңкестің көзін жойды. Олар жасырынған пәтерді тауып, үйдегі басқа тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, берілулерін сұраған. Лаңкестер берілмегесін, штурм жасалған. Кеше терроршылардың тағы бір сыбайласы оққа ұшты. 

Жалпы саны 18 терроршы өлтірілді,  ұсталғаны 9. Үш лаңкесті  іздеп жатыр. Айтпақшы, терроршылар тізіміне кіріп кеткен Ақтөбе облысының тұрғындары Самат пен Санат Қожаниязовтардан полиция кешірім сұрады. Ол азаматтар өздерін тізімнен көріп, 4 күн ұйқыдан айырылған еді.

Президент жұмада Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. «Біз бұл терактілерді дәстүрлі емес салафизм діни бағытын ұстаушылардың жасағанын білеміз. Діни наным-сенім  бостандығын қамтамасыз етеміз, бірақ дінді жамылып, мемлекетті теңселткісі келетіндерге күйрете соққы береміз», деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Следует рассмотреть меры усиления наказания в отношении казахстанских граждан, участвующих в международных террористических организациях. При этом исходить из того, что они предают интересы нашего государства, и, фактически, встают на путь войны против своей Родины. Кроме того, упростить возможное проведение специальных оперативных мероприятий по сигналам о террористической угрозе. Весь этот пакет законодательных инициатив необходимо включить в план законодательных работ на текущий год.