Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазір «Өзге пікір» айдары.

AstanaTV
11.06.2016ж. 20:00
1740
 Қазір «Өзге пікір» айдары.

Марат Ерназарұлы, жүргізуші: Ассалаумағалейкүм! Ел аузында «халықтық контролер» атанып кеткен Шымкенттік қоғам белсендісі жол ережесін бұзған полицейлерді тағы састырды. Ал ресейлік студенттер қазақша ән шырқады.

 Мәскеудегі бір жоғары оқу орнының студенттері қазақтарды риза қылып тастады. 4 жылдық оқу барысында қазақ тілін шетел тілі ретінде  үйренген. Сөйтіп бар білгендерін паш етіп, ролик түсіріп, ғаламдық желіге салған. Қараңыздар!

Видео: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/devushki-iz-moskvyi-pokazali-kak-vladeyut-kazahskim-yazyikom-296243/
Мәскеуден сәлем құрметті, қазақтар! Орыс студенттері қазақ әндерін қалай айтқанын бағалаңыздаршы! 

Студияда жүргізуші: Ролик 43 секундқа созылады. Бірақ сол аралықта орыс студенттері бірнеше қазақ әндерін шырқап үлгереді. Олардың сәлеміне жұрт не деді?

 Алматылық: 

Ақылдылар! Жарайсыңдар! Рахмет! Біз де орыс тілін білеміз және құрметтейміз.

Бейтаныс:

Керемет! Өзіміздің тілді құрметтейік, бауырлар! Басқа ұлттар қызығушылық танытқанда, неге осы қалалық қазақтар мұрындарын шүйіреді екен?!

Айсұлу

Оларға не үшін алғыс айтып жатырсыздар? Қазақша бір-екі ауыз сөз айтқаны үшін бе? Олар сонда бізге не айтулары керек?

Шындық үшін: 

Жарайсыңдар, біздің жастар ұялған шығар.

Бека:

Бес адам жаттанды сөздерін айтып камераға түсіпті, ал біз мұнда 17 млн орысша сайрап жүрміз. Бірақ, Ресейде бізге бұлай ешкім қуанып жатқан жоқ, рахмет айтып, пікір қалдырып жатқан жоқ...

Ресейлік студенттердің қазақ тілін үйренгені көңілімізге жағады әрине. Бірақ монетаның екінші жағын қарасаң, орыс тілі ана тілі болып кеткен кей қазақтарға ресейліктер алғыс айтып бас иемін десе, бастары жерге дейін жетер ме екен... Ал Шымкенттік қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов камерасын алып, тағы да жол ережесін бұзғыш полицейлердің сазайын берді. Жол жиегіне көлігін қалай болса солай тастай салып, сақтық белдігін тақпай, шамын жақпай, бар әлемді тіреп тұрғандай жүретін полицей көкелер көп асқанға бір тосқан барын сезінгендей болды, аз уақытқа. Полицияның бірнеше патрулі көліктерін қоюға болмайтын жерге жапа тармағай қойып, «демалып жатады» екен Шымкентте. Бірақ  жол ережесін бұзғыш капитан, майорлар, кезекші наряд келгенше оқиға орнынан қашып жатты. Қарайық.

Видео: https://tengrinews.kz/events/aktivist-videokameroy-zastal-vrasploh-politseyskih-296237/ 

789:

Жігіттердің  «тосқауылда» отырғаны көрінбей ме? «Дұшпандары»  көріп қалмас үшін тығылып отыр. Және ұялы телефонға ұқсас арнайы құралдары арқылы өзара сөйлесіп жатыр. Ал камера ұстаған жігітті жазалау керек, «көрінбейтін фронт сарбаздарын» әшкере еткені үшін.

Аз ба, көп пе:

Ал қаланың осы ауданына терроршылар шабуыл жасаса ше? Полиция қызметкерлері көліктерінде демалып жата ма? 

Қонақ:

Руслан, сіздікі моральдық тұрғыда дұрыс емес. Мен полицейлерді ақтап тұрғам жоқ, бірақ олар да адам ғой. Олар істерге жұмыстары болмағаннан сол көлеңке жерге шоғырланып алды деп ойламаймын. Демек, сол жерде болу керек оларға. Сізге полицияның көмегі керек болған кезде көрер едім.

Аа:

Мына жігітті МАИ-ға қызметке алыңыздар, ол сіздердің арамтамақ 20 қызметкеріңіздің орнын басады. 

01:

Ал мен автормен келіспеймін. Өзін тым өктем ұстайды.

21 Грамм:

Біздің белсендіні «сындырып» тастамаса болғаны. Оның қорғаушылары бар деп ойлаймын. Сәттілік саған, полицейлердің тәртібін қадағалаушы!!!

Студияда жүргізуші: Біз де сіздерге сәттілік тілеп қоштасамыз. Құрметті көрермендер, пікір білдіруден шаршамаңыз. «Өзге пікірге» сіздің пікіріңіз керек!