$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Атыраулықтар ауыз судан уланып қала жаздады

AstanaTV
10.08.2015ж. 20:00
1319
Атыраулықтар ауыз судан уланып қала жаздады

Атыраулықтар ауыз судан уланып қала жаздады. Өткен сенбі күні қала тұрғындары пәтерлеріндегі құбырдан аққан судан жағымсыз иісті байқаған. Мүңкіген сасық иісі бар суды ішу де мүлде мүмкін болмапты. Қауіптенген тұрғындар бірден дабыл көтереді. Осылайша 20 шақты адамнан ауыз судың сапасына қатысты шағым түседі.

Әлеуметтік желілерде суға хлордың орнына өзге химиялық қоспа қосылып кеткендігі туралы алып-қашпа әңгіме де тарап үлгерген. Аймақтағы санитар мамандар да бұл күні ауыз судың дәмі мен иісіндегі ауытқушылық  шамадан асып кеткенін растады.

Амантай Жұмағалиев, Атырау облысы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

Ауыз судың  дәмі, иісі 2 баллдан аспау керек болса, 3 балл көрсетіп тұрды, Ал Жайықтың суы 3 баллдан аспау керек болса, 4 балл көрсетіп тұрды. Бұл халықтың денсаулығына ешқандай зияны жоқ. Бірақ сонда да нормативке сәйкес емес болғаннан кейін, шұғыл технологиялық шаралар алынды. 


Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ