Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

125 балл жинаудың сыры

AstanaTV
11.06.2016ж. 20:00
2611
125 балл жинаудың сыры

Ұлттық Бірыңғай тест те мәресіне жақындап қалды. Біз 125 балл жинаған түлектердің бірнешеуінен арнайы сұхбат алдық. Олардан ең жоғарғы балл жинай алудың құпиясын сұрадық. Әрине, қандай мамандық таңдап отырғандарын, сосын қандай қоғамда өмір сүргілері келетінін білдік.

Нұрасыл Ержанов,  Астана қаласы №72 мектеп-лицейінің түлегі:

Жоғарғы балл жинаудың құпиясы – оқушы мен мұғалімнің екеуінің сабақтаса, біріге, бірлесіп жұмыс істеуі. Еңбек, өзіңе сенімділік, алға мақсат қою. Қоршаған ортаның маған әсері.Қасымда жүрген балалардың барлығы «Алтан белгі»иегері болды да, мен солармен қоса оқуға тиіс болдым. 

Қазіргі таңда Астанамыз гүлденіп жатыр. Құрылыстар салынып жатыр.Соған өз үлесімді қоссам деген,өзімнің армандаған,салғым келген үйлер бар соларды салсам... 

Қазақша,орысша,ағылшынша 3 тілдікке ауысып, білімді азаматтардың қатарында жүріп,Қазақстанды дамытсақ деген ниеттемін. Егер де білімді адамдардың арасында жүрсек, біз,яғни,конкуренция, бір-бірімен пікір алмасып білім саласында бір-бірін дамытып,бір-біріне үлес қосады деп ойлаймын. 

Аружан Мейірханова, Алматы қаласы №159 мектеп- гимназиясының түлегі:

Менің ойымша,осы жоғары балға қол жеткізуге әркімнің де қолынан келеді. Себебі, ең бастысы,осы мақсаттарға қол жеткізуде. Ол дайындық, көп еңбек ету,сонымен бірге қобалжудың керегі жоқ деп ойлаймын. Себебі осы жерде өзіне сенімділік керек. 

Мен халықаралық қатынастар амандығы бойынша білім алғым келеді. Және елімнің көркеюіне бар үлесімді қосамын деген сенімдемін. 

Динара Матқалиева, Алматы қаласы №12 мектеп- гимназиясының түлегі: 

Құпиясы, мен 11 жыл бойы еңбек еттім.11 жыл бойы үйреткен ұстаздарыма үлкен алғысымды білдіремін. Содан кейін өзімнің еңбегім. 11 жыл бойғы ата-анамның еңбегі.

Еліміз Қазақстанның экономикасын көтеруге өзім белсене қатыссам деп ойлаймын. Сондай сенімдемін. Кейін универде оқып болғаннан кейін Қазақстанда бір жерде маманды экономист боламын деп ойлаймын

 Мерей Тұрдиева, Шыскент қаласы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп- интернатының түлегі:

Қорықпау керек.Өзіңе деген сенім болу керек. Оған күшім жетеді, жинай алам деген сенім болу керек. Соның арқасында 125 балл жинадым.

Менің ойымша,біздің мұғалімдердің арқасында осы жетістікке қол жеткізе алдым. Әрине, өзімнің де еңбегім бар. Әке-шешемнің маған берген көмектері де бар. Соның арқасында деп ойлаймын.

Мен стоматолог болғым келеді. Оның себебі,әке-шешемнің жолын қуғым келеді. Әкем де, шешем де стоматолог. Сол екеуі сияқты керемет стоматолог болсам, мамандығымның білгір маманы болсам деймін. Бізде қазір медицина да дамып жатыр. Бірақ, біз тек қана дамыған емес, дамушы мемлекетердің қатарына кірген соң медицина жағынан өз үлесімді өз еліме қосқым келеді. Басқа елдерден мүмкін оқып келермін. Соның барлығын өз елімнің дамуына үлес қосқым келеді. 

Ең алдымен бейбіт мемлекетімізді сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын. Өйткені, қазіргі кезде Ақтөбеде болып жатқан оқиғаны барлығымыз білеміз. Содан сақтанудың жолдарын қарастырсақ деп ойлаймын. Соның барлығының дамуына кішкене болсын үлесімді қосқым келеді. 

Тест тапсыру кезінде смартфондар алып кіруге деген талпыныс және талайдың алып кіргені - оны мен әрине, дәлелдей алмаймын, бірде-бір адам солай екенін мойындап, ашық айтпайды, көңілсіз ойларға жетелейді. Біз бірде-бір жұмысты «бармақ басты, көз қыстысыз» істей алмаймыз ба деген. Біз балаларды ешнәрсеге сенбеуге шіміркпестен өзіміз үйретеміз. «Бәрін тек ақша шешеді, бәрін «былайынша» шешуге болады»- дегенді шегелеп.

Әйтсе де үздіктердің басым  көбі өз білімімен үздік атанды деп сенеміз. Бізді алып шығатын парасатты, қайырымды білімділер ғана...

«Біздің уақытты»  «astanatv.kz»сайтынан көріп, оқи аласыздар. Амандық болсын!