$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Павлодардағы Алюминстрой шағын ауданында ескі үйлерді сүру жалғасуда

AstanaTV
11.08.2015ж. 20:00
1680
Павлодардағы Алюминстрой шағын ауданында ескі үйлерді сүру жалғасуда

Керекуде атышулы Алюминстрой шағын ауданындағы екі қабатты ескі үйлерді сүру жалғасуда. Екі жылға жуық тоқтап тұрған жұмыстар  бірер күн бұрын басталды. Қалалық әкімдіктің таратқан мәліметіне сәйкес, биыл 25 баспананы сүру жоспарланған.

Жұмыс үш кезеңге бөлінеді. Қазір 8 тұрғын үйді қирату жүріп жатыр. Шенеуніктердің айтуынша, мұндағы 64 отбасы уақытша баспанаға көшірілген.

Алюминстрой шағын ауданында саманнан соғылған 159 үй бар. Осыдан жарты ғасыр бұрын салынған баспаналардың әбден тозығы жеткен. Түртіп қалса, құлағалы тұр. Осыны ескерген билік, бұл аумақта «Сарыарқа» деп аталатын жаңа шағын ауданның құрылысын бастауды қолға алды. 2013 жылы алғашқы бес үй сүріліп, орнына 12 қабатты жаңа баспананың құрылысы басталған. Алайда, жауапсыз мердігердің кесірінен жұмыстар тоқтап, қоныс тойы кейінге шегерілді.

Қазір ауқымды құрылысты басқа компания жүргізіп жатыр. Жоспарға сәйкес, 1 272 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй келер жылдың көктемінде қолданысқа берілмек.

Асқар Ғазизов, Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

8 үйден 60-тан астам отбасы уақытша баспанаға көшірілді. Ол пәтерлер жаңадан салынған тұрғын үйден берілді. Алюминстрой шағын ауданының тұрғындары осы үйлерде, өздеріне арнайы салынатын көп қабатты үйлердің құрылысы аяқталғанша, тұра бермек. Кейін тиесілі пәтерлерін алады.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ