Грекия
халықаралық кредиторлармен базалық экономикалық сценарий туралы келісімге келді, деп жазады РИА Новости. Тараптар
бюджеттің бастапқы төрт жылдық көрсеткіші жөніндегі ымыраға келген сыңайлы.
Келісім 2015-2018 жылдарға арналған. Болжамға сәйкес, 2015 жылғы бюджет
тапшылығы ішкі жалпы өнім көрсеткішімен есептегенде 0,25 пайызды, 2016 жылы
0,5 пайызды, 2017 жылы - 1,75 пайызды, ал 2018 жылғы көрсеткіш 3,5 пайызды
құрамақ.
Қазір грек билігі 18 тамызға дейін келісімге қол қою үшін
келіссөздер жүргізуде. Ортақ мәміле қабылданса, тамыздың 20-нда көмектің
алғашқы траншы түседі, одан Грекия Еуропа орталық банкіне 3,2 млрд евро төлемек
ниетте. Егер келісімге келе алмаса, Афины бридж-кредит алуға мәжбүр.
Еске салсақ, шілдеде Грекия мен Еуроодақ елді
ұзақ мерзімді дағдарыстан шығаруға бағытталған бағдарлама жасауға келіскен.
Германия канцлері Ангела Меркель атап өткендей, көмек бағдарламасы Грекияға
алдағы үш жылда 86 млрд еуро бөледі. Алайда, соңғысы қатаң үнемдеу кестесін
енгізуге міндетті.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ