Рубльдің
құнсыздануы оралдықтар үшін оңтайлы болып отыр. Әсіресе Ресей валютасы
арзандаған соңғы бір апта көлемінде бағасы қолжетімді көлік алу үшін көрші
мемлекетке ағылған тұрғындар көбейді.
Сырттан жеткізілген көліктерді
есепке алып, құжатын реттейтін мамандардың дерегінше, қазір Оралда күн сайын
жүзге тарта темір тұлпар тіркеуге алынады. Айта кету керек, олардың ішінде
қылмысқа қатысы бар, арнайы техникалық нөмірі өзгертілген көліктер де кездескен
көрінеді. Ал
көлігін жаңалап, қуанышы қойнына сыймай жүрген жүргізушілер құжаттарын тездетіп
реттеуге асығады.
Еске салайық, мұндай құбылыс
былтырғы жылдың қараша-желтоқсан айларында қызу қарқын алған. Тіпті сырттан
әкелінген көліктердің көптігінен Оралда мемлекеттік нөмір таусылып қалған
оқиғалар да кездесті. Дегенмен, көлік тасушылар нөпірі былтырғыдай көп емес.
Бұған Қазақстан жағынан көліктің техникалық жағдайына қатысты қойылатын талаптардың
күшеюі себеп болды.
Есқайыр Ақбарақов, Орал
қаласының тұрғыны:
Россияда
әлдеқайда арзан біздерден. 30-40 процентке арзан. Шекарада айдап келіп жатқандар өте
көп.
Еркін КАРИН