$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Сот Қажымұрат Үсеновке қатысты үйқамақ мерзімін ұзартты

AstanaTV
12.08.2015ж. 20:00
1285
Сот Қажымұрат Үсеновке қатысты үйқамақ мерзімін ұзартты

Қаржы жымқырды деген күдікке ілінген Қажымұрат Үсенов тағы бір айға жуық үйқамақта отырады. Астанадағы нөмірі екінші қалалық сот «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы құрылыс департаментінің бұрынғы басшысына қатысты үйқамақ мерзімін ұзартты. Яғни жаза үш айға дейін ұзартылып, 2015 жылдың сегізінші қыркүйегіне дейін жалғасатын болады.

Айта кетейік, Қажымұрат Үсеновке ұлттық компанияның лауазымды тұлғаларымен бірігіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылған-ды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ