$519.51 €611.83 ₽6.6
×

«Астана-Жылутранзит» биыл тозған жылу желiлерiн 58%-ға азайтпақ

AstanaTV
13.08.2015ж. 20:00
1125
«Астана-Жылутранзит» биыл тозған жылу желiлерiн 58%-ға азайтпақ

Астанада тозығы жеткен жылу жүйелерін жаңарту жалғасуда. "Астана-Жылутранзит" мекемесі инвестициялық бағдарламасы арқылы елордадағы ескірген жылу құбырларын 58 пайызға дейiн азайтпақ.

Ол үшін 3 миллиард теңге көлемiндегі инвестициялық бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Жоба үш жылға жоспарланған. Былтыр 1 миллиард 200 миллион теңге игерілді. Соның 80 пайызы құбырларды ауыстыруға жұмсалған. Осының арқасында 7 шақырымдай жылу желісі түгелімен жаңартылды.

Астана қаласындағы жылу желiлерiнiң жалпы ұзындығы  571 шақырымды құрайды. Оның 60  пайыздайы әбден тозған. Ал республика бойынша жылу құбырларының 70 пайызға жуығы жөндеуді қажет етеді. Биыл 500 миллион теңгеден аса қаржы игерілсе, жыл аяғына дейін тағы осынша қаржыға жылу құбырлары жаңартылмақ.

Марат Мұстафин,  табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментінің басшысы:

Биылғы жылдың инвестициялық бағдарламасы толықтай орындалады, деп сенеміз. Оның барлығы орындалатын болса, көнерген құбырлар төмендейді 1 процентке, шығындар да азаятын болады. Износ 59 процентке жетті, жалпы республика бойынша 70 пайыз болса, Астанада - 59 пайыз, ал шығынды сараптау 13,3 пайыз болды.

Берік ХАСЕНОВ

Алдыңғы жаңалық