Ирактағы
теракт кезінде 60 адам қаза тауып, 200-дей тұрғын жараланды. Бұл жөнінде
Рейтерс агенттігі, жергілікті полицейлер мен дәрігерлерге сілтеме жасай отырып, ақпарат таратуда.
Жарылыс Ирак астанасының солтүстік-шығыс аумағында орын
алды. Яғни Бағдадқа жақын маңда жарылғыш зат орнатылған бірнеше жүк көлігінің
күлі көкке ұшты. Әзірге ел аумағында әрекет ететін лаңкестік топтардың
ешқайсысы бұл терактіге қатысты жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
Айта кету керек,
соңғы уақытта ДАИШ содырларының кесірінен елдегі ахуал ушығып барады.
Лаңкестердің әрекетінен бірнеше мың бейбіт тұрғын ажал құшты. Ал жүздеген мың
адам босқын атанып, елден қашса, тағы
бірнеше мың тұрғын кепілде отыр.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА