$519.51 €611.83 ₽6.6
×

ШҚО-да қоғамдық ұйым өкілдері тұрғындардың радикалды топтардың ықпалына түспеуін қадағалауға кірісті

AstanaTV
14.08.2015ж. 20:00
1515
ШҚО-да қоғамдық ұйым өкілдері тұрғындардың радикалды топтардың ықпалына түспеуін қадағалауға кірісті

Шығыс Қазақстандағы Аягөз ауданында қоғамдық ұйым өкілдері тұрғындардың радикалды топтардың ықпалына түспеуін қадағалауға  кірісті. Бұл мақсатта арнайы телефон желілері іске қосылып, бұқарамен кездесулер ұйымдастырылуда.

Аудан имамдары  Мысыр елінде арнайы оқытудан өтті. Соңғы екі айда  өңірде теріс ағымдағы топтардың әрекетін насихаттайтын әдебиеттерді таратқан бірнеше азамат құрықталды. Олар аягөздіктерді «ИЛИМ» аталып жүрген террорлық топқа қосылуға үгіттеген. Қоғам белсенділердің айтуынша, үгіттеуге ерген адамдардың 50 пайызы сауатсыздықтың салдарынан теріс жолға түсіп кетіп жатыр. Имамдар мен теолог-мамандар олармен әңгімелесу өткізген соң, ұстанымын өзгерткендер де баршылық.

Қазір ауданда арнайы әлеуметтік карта құрастырылды. Онда теріс ағымдар жайлы  белсенді түрде үгіт жүргізілетін аумақтар белгіленген. Өйткені террорлық топтың тұзағына іліккен адамдарды анықтау өте қиын. «Сондықтан насихат шараларын күшейткен жөн»,- деп санайды сарапшылар.

Бақытжан Баяхметов, ШҚО Аягөз ауданының әкімі:

Қазір бұл проблема өткір күйінде тұр. Сондықтан алдымен  дін өкілдерінің дәрежесін көтеру қажет. Әсіресе, тұрғындармен тікелей жұмыс істейтін имамдардың сауатын арттыру кезек күттірмейді. Ауданымыздың имамы Мысырға барып келді. Қазір Алматыда оқып жатыр. Қарағандыдан теолог-мамандарды шақырдық. Ортақ жұмысымыз өз жемісін беруде. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ