$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бүгін Алматыда универсиада аясында көрсетілім бөлмесі ашылды

AstanaTV
14.08.2015ж. 20:00
1991
Бүгін Алматыда универсиада аясында көрсетілім бөлмесі ашылды

Алматыда Универсиада 2017 аясында көрсетілім бөлмесі ашылды. Шараға  еліміздің эстрада және кино саласының майталмандары қатысты. Жанкүйерлер мен қатардағы қарапайым  азаматтарға арнап тігілген спорттық киім дүкендері алдағы уақытта еліміздің барлық қалаларында ашылады деп жоспарланған. Тақырыпты Самат Қанағатов тарқатады.

Көрменің салтанатты ашылуынан кейін спорттық киім үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Киімдер қыстық, жаздық және стандарттық болып үш топқа бөлінген. Спорттық форманың түс ерекшеліктері де әртүрлі. Көрме ұйымдастырушыларының пайымдауынша, спорттық киімдер биылғы маусымның тренді болып есептеледі.

Нұржан Әбілхайыр, Алматы қаласы халықаралық спорттық жобалар дирекциясы директорыныңорынбасары:

Бұл киімдер тұрғындарға арналған. Көрсетілім арқылы қала тұрғындары мен қонақтарына универсиадаға арнап тігілген киім үлгілерімен жақын танысуға мүмкіндік береміз. Және сатып алуға болады. Ең бастысы, киімдердің сапасы жоғары және қолжетімді.

Универсиадаға арналған киім үлгілерін отандық компания тікті. Аталған ұжым бұған дейін Азия ойындары мен олимпиадаға арнап спорттық киімдер әзірлеген. Енді міне универсиада 2017 жобасына атсалысқан компания басшылары, өз туындыларымен спортшыларды ғана емес, қала тұрғындарын да қуантты.

Елена Свечникова, көрме ұйымдастырушысы:

Біздің дизайнерлер командасы универсиада дирекциясына ұсыныспен шықты. Екеу ара бірігіп, үлкен жұмыс атқардық. Әрбір үлгі сынақтан өтті. Жұмыс барысында түзетулер болды. Ортақ шешімге келгеннен кейін өткен жылдың желтоқсан айында лицензиялық келісімге келдік.

Бұл күні спорттық шараға келген танымал азаматтар күнделікті киімдерін спорттық формаға ауыстырып, жиналғандар алдында  жарқырай көрінді.

Айта кетейік, 2017 жылғы қысқы универсиада спорттың 12 түрі бойынша өтеді. Байрақты бәсекеге 50 елден 3 мыңнан аса спортшы қатысып, 11 күн бойы медальдар жиынтығын сарапқа салатын болады. 

Самат ҚАНАҒАТОВ