Туристерге
қатысты кезекті шу Шымкенттен шықты. Стамбулға демалысқа барған бір топ отандасымыз бірнеше күннен бері елге қайта алмай отыр. Қырыққа тарта жолаушы
Шымкенттегі «Visa-v» фирмасының
қызметін пайдаланған көрінеді. Бұл туралы олардың туыстары хабарлады.
Нилюфар
Бекметова:
Билеттерді
екі апта бұрын сатып алғанбыз. Бір сіңлім жақсы барып келді. Екіншісі қайта
алмай отыр. Кеше түнде ұшып келуі тиіс болатын. Мұндағылардан сұрасақ,
бастарын алып қашады. Ал сіңлім күн сайын қонақ үй мен тағамға өз қалтасынан төлеп жатыр. Ақшасы таусылса, жағдайы не болмақ?
Жүрсін
Нәлібаев:
Аннулировать етіп тастаған төрт билетті. 13-іне азаннан кешке дейін осы жерде отырдым. Маған кешке
таман шығарып берді. Тағы да барам, тексерем, нормально.Түнде ұйықтамай, 12-ге жақын тексерсем, аннулировать етіп тастаған. Азанда келсем, маған ұрысады да. Біздің енді мамаларымыз өздерінің қалтасынан ақша төлеп
билетке, өздері келеді.
Жүрсін
Нәлібаев анасы мен оның құрбыларының жол
шығыны 875 мың теңгеге түсіп отырғанын айтады. Енді кеткен қаражатты туристік
агенттіктен өндіруден басқа амалым жоқ, дейді. Дәл осындай қиындыққа тап болған
туристердің туған-туыстары да мән-жайды түсіндіруді фирма директорынан талап
етті. Алайда компания басшысы жұмысқа кіріскен сегіз айдан бергі уақытта мұндай
қиындыққа алғаш рет тап болып отырмыз дегенді айтады.
Наташа Ниязметова, «VISA-V» туристік
агенттігінің директоры:
Ұшақта орын жоқ. Сондықтан
жолаушылардың елге кешеуілдеп қайтуына тура келіп тұр. Әзірге мән-жайды
өзіміз де толық білмейміз. Бірақ алдын ала төленген билеттердің ақшасын біз
емес, әуе компаниялары қайтаруы тиіс.
Осы
жағдайға орай ішкі істер органына жиырмадан астам азамат арызданған. Олардан
бөлек туристік фирманың басшылығы да полиция көмегіне жүгініп отыр. Ішкі істер
департаментінің өкілі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, азаматтардың шетелде қалып қоюына туристік
агенттіктің екі қызметкерінің қатысы бар болуы мүмкін.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік
тіл және ақпарат басқармасының бастығы:
Қылмыстарға қатысы бар деген екі тұлға
анықталып отыр. Олар
1980 және 1987 жылы туылған. Турфирмада өздері қызмет атқарған. Қазіргі таңда олар
іздеуге жарияланып отыр. Және күдікті азаматшаларға байланысты ҚР ҚК екі бабы
бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Ол 190-бабы бойынша «Бөтеннің мүлкін
жымқыру» және де 189-бабы бойынша «Алаяқтық».
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ