$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қазақстанның Кедендік одақ елдерімен экспорты артып, импорт көлемі кеміген

AstanaTV
17.08.2015ж. 20:00
1738
Қазақстанның Кедендік одақ елдерімен экспорты артып, импорт көлемі кеміген

Өткен жылы Қазақстанның Кеден одағы елдерімен экспорт көлемі артып, керісінше импорт кеміген. Осындай дерек Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің сайтында жарияланды.

Ақпараттан анық болғандай, аталған одақ елдерімен өзара сауда деректері 2014 жылы 21 миллиард АҚШ долларын құраған. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 14,5 пайызға кем. Оның ішінде экспорт көлемі 6,4 миллиард АҚШ доллары, алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,7 пайызға көп. Ал импорт 14,6 миллиард АҚШ доллары немесе 21,9 пайызға кем.

Ресейден Қазақстанға  әкелінген импорт  құны 13,8 млрд АҚШ долларын құрады немесе бұл 23,2 пайызға кем. Беларусь еліне экспортталған тауар құны - 61,3 млн АҚШ доллары. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 5,2% көп. Беларусь Республикасынан Қазақстаға импортталған өнімдер 0,8 млрд АҚШ долларын құрады немесе 10,8 пайызға көп.

Берік ХАСЕНОВ

Алдыңғы жаңалық