$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Қазақстандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің сапасы қытайлық тауардан әлдеқайда жоғары

AstanaTV
18.08.2015ж. 20:00
1379
Қазақстандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің сапасы қытайлық тауардан әлдеқайда жоғары

Қазақстандық киім-кешектің сапасы қытайлық тауардан әлдеқайда жоғары. Астанада жаңадан ашылған кәсіпорынға бас сұққан депутат Гүлжан Қарақұсова осындай пікір білдірді.

Жаңа кәсіпорынның жұмысымен жете танысқан депутат алған әсерімен бөлісті. Оның сөзінше, отандық тігін цехтары қытайлық киім-кешектен әлдеқайда сапалы өнім шығара алады. Қазіргі уақытта кәсіпорындар тегіс жаңа технологиямен жұмыс істейді. Сондай-ақ Қарақұсова "100 қадам" Ұлттық бағдарламасында бәсекеге қабілетті отандық өндірісті қалыптастыруға баса мән берілгенін атап өтті.

Гүлжан Қарақұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Кәсіпорындардың барлығы соңғы технологиямен жабдықталған. Сондықтан еңбек өнімділігі жоғары. Егер кәсіпорын ашатын болсақ, қытайлық өнімдермен бәсекелесуге болады. Олар тігетін мектеп формасы «тұнып тұрған» синтетика. Ал біз өзіміздің таза мақтадан тігеміз.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ