$519.29 €613.28 ₽6.62
×

2015 жылғы 1 шілдеде еліміздегі халық саны 17 541,2 мың адамды құрады

AstanaTV
18.08.2015ж. 20:00
2360
2015 жылғы 1 шілдеде еліміздегі халық саны 17 541,2 мың адамды құрады

2015 жылдың 1 шілдесінде еліміздегі халық саны 17 млн 541 мың 200 адамды құрады. Бұл жөніндегі мәлімет Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің сайтында жарияланды.

Биылғы жылдың алғашқы жартысында тұрғындар саны ел бойынша 123,6 мың адамға немесе 0,7% өсті. Ал 2014 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 256,3 мың адамға немесе 1,48% артқан. Тұрғындардың 9 млн 967 мыңы қалалықтар. Бұл жалпы халықтың 56,8%-ды, ауылдықтар - 7 млн 574 мың адамды немесе 43,2% құрады.

Азаматтық хал актілер жазбаларындағы мәліметтерге сай, 2015 жылғы қаңтар-маусымда 194,2 мың адам дүниеге келген. Бұл 2014 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 0,5% көп. Көші-қон полициясы ұсынған статистикалық есепке алу мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылғы 6 айда елімізге тұрғылықты тұруға келгендер саны 8 мың 394 адамды құрады. Бұл 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,7% кем. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА