$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Қазақстан экономикасы 2015 жылдың алғашқы жартыжылдығында 1,7% өсімді көрсетті

AstanaTV
19.08.2015ж. 20:00
1455
Қазақстан экономикасы 2015 жылдың алғашқы жартыжылдығында 1,7% өсімді көрсетті

Қазақстан экономикасы 2015 жылдың алғашқы жартыжылдығында өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 1,7 пайыздық өсімді көрсетті. Бұл туралы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президенті Мақсат Мұқанов мәлімдеді.

Өткен алты айда сыртқы тауар айналымы 36 пайызға төмендеген еді. Экономикадағы негізгі капиталға инвестициялардың тартылуы былтырғы кезеңмен салыстырғанда 104 пайызға артқан. Әлемдік ахуал Қазақстанның негізгі серіктестері Ресей мен Қытай нарығына айтарлықтай әсер етіп отырғаны белгілі. Бұл Қазақстанның сыртқы тауар айналымының кемуін де айналып өтпеуі мүмкін,- дейді сарапшы. Мақсат Мұқанов әлемдік процесстерге Қазақстанның «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының тигізер оң ықпалын атап өтуге тиіспіз деген пікірін білдірді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ