$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Ақтөбелік қаржыгерлердің айтуынша, доллар құны қайта төмендеуі ықтимал

AstanaTV
21.08.2015ж. 20:00
950
Ақтөбелік қаржыгерлердің айтуынша, доллар құны қайта төмендеуі ықтимал

Ақтөбелік қаржыгерлердің болжамы доллар құны қайта төмендейді дегенге саяды. Олар, теңге еркін айналымға жіберілген сәтте асығыстық танытып, АҚШ валютасын сатып алғандар бармақтарын тістеп қалуы ықтимал, деп отыр.

Банк өкілдері кешелі бері валюта іздеп сабылып жүрген халықтың қарасы, анау айтқандай, көп болмағанын айтады. Аймақта доллар тапшылығы жоқ. Мемлекет бекіткен 6 пайыздық үстеме ақымен кәсіпкерлерге берілетін несие де тоқтатылмайды. Бүгінде ақтөбеліктердің екінші деңгейлі банктерге қарызы 300 млрд теңге шамасында. Олардың 60 пайызы ұлттық валютамен жасалған операциялар.

Дания Еспаева, банк филиалы директоры:

Кеше банктерге барып, есепшоттарындағы қаражатын 256-258 теңгемен алмастырған азаматтар ұтылып қалды. Нарық алдағы 5-7 күн ішінде тұрақтануы тиіс. Бүгіннің өзінде таңертең біз долларды 252 теңгеден саудаладық. Сондықтан халықтан асығыс шешім қабылдамауын өтінеміз. 

Мансұр ЕСХОЖИН 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах