Киевте
Жоғарғы рада алдындағы қақтығыстар салдарынан 130-дан астам адам зардап шекті.
Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, олардың жетеуі ауыр халде жатыр. Елдің
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше,
тәртіп сақтау шараларын ұлттық гвардия және милиция өкілдері қолға алған.
Осының арқасында қазір қақтығыстар тоқтады.
Еске салсақ, ереуілшілер биліктен
Донбасстағы биліктің басқаруды бір жақты жүргізбеуін талап еткен. Кейін
көтеріліс салдарынан адамдар зардап шеккендіктен, Жоғарғы рада бұл заң жобасына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдаған. Алайда рада
депутаттары президенттің мұндай қадамын «антиконституциялық»
деп атап, бұл жерде Мәскеудің мүддесі қолдау тауып отырғанын айтқан.
Жұрағат
БАМАН