Бүгін еліміздің барлық мектептерінде Білім күніне
орай салтанатты жиындар өтуде. Білім және ғылым
министрлігінің ақпаратына сай, 7,5 мыңнан
астам мектеп 2,6 миллионнан астам оқушы үшін есігін айқара ашты.
Әдеттегідей, 1
сыныпқа қабылданатын оқушылар ерекше назарда. Айта өтейік, биыл мектеп
табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған балалар саны 340 мыңға жуық. Бұл балаларға Президент Нұрсұлтан
Назарбаевтың атынан арнайы сыйлық қарастырылған. Барлығына «Менің отаным -
Қазақстан» атты кітап таратылмақ.
Білім және ғылым
министрлігінің ақпаратына сай, осы жылы 150 жаңа мектеп пайдалануға беріліп
отыр. Апатты деп танылған мектептер саны
2 есеге қысқарған.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА