$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Алматыда тұңғыш рет қарбыз фестивалі өтті

AstanaTV
01.09.2015ж. 10:00
2702
Алматыда тұңғыш рет қарбыз фестивалі өтті

Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында тұңғыш рет қарбыз фестивалі өтті. Қала күніне орай ұйымдастырылған шара жаз мезгілінің аяқталып, күздің басталғанын білдіреді. Фестиваль аясында шеберлер қарбыздан жасалған туындыларын көпшілік назарына паш етті. Мерекеге келген тұрғындар мен қала қонақтары қарбыздан жасалған тағамдар мен сусындардан дәм татты. Фестивальға келген жұртшылық шеберлерден жемістерді әдемілеп турау өнерінен де дәріс алды.

Балалар үшін өз алдына бөлек мерекелік қойылымдар өтті. Шара жетекшілері аниматорлық-театрландырылған көріністер, шағын спектакль және биден флешмоб ұйымдастырды. Фестиваль қонақтары әр түрлі арт-нысандар аясында фотосуретке түсуге мүмкіндік алды. Мерекелік шара ашық аспан астында ұйымдастырылған концертпен жалғасты. Еске сала кетейік, қала күніне орай Алматыда бір айдың ішінде 50-ге жуық мәдени іс-шара өткізу жоспарланған.

Гүлшара Шалтабаева, Алматы қаласының тұрғыны:

Қазір келіп отырмыз. Біздің қаланың әкімшілігі осыны ұйымдастырғаны дұрыс екен. Міне, қазір күз ғой. Бұрын Қырғызстаннан, Өзбекстанан әкелетін. Қазір Қазақстанда піседі. Соған келдік. Қуаныштымыз. Қуанып отырмыз, елдің бәрі келіп мейрамға.

Самат  ҚАНАҒАТОВ