$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Астанада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 5 пайызға қымбаттады

AstanaTV
01.09.2015ж. 20:00
1515
Астанада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 5 пайызға қымбаттады

Астанада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 5 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин мәлімдеді. Дегенмен дүрлігуге негіз жоқ, жағдай қатаң бақылауда, деп сендірді шенеунік. 

Андрей Лукин, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Баға өсімі - жалпы алғанда шамамен 10 пайыз. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құны 5 пайызға көтерілді. Осы жылдың үшінші тоқсанында 18 позиция бойынша бағаның өскені байқалды. Ол 5 пен 10 пайыз аралығында. Ал 15 тауар түрі бойынша баға көтерілген жоқ. Теңгенің еркін айналымға түсуінен тауардың босату бағаларының жоғарылауы себеп.

Андрей Лукин сонымен қатар жанар-жағармай мен аса қажетті дәрі-дәрмектердің бағасы тұрақты болып қалатынын айтты. Жергілікті жерлердегі тұрғындар да баға өсімінің біртіндеп байқалып жатқанын алға тартуда. Мәселен, Павлодарда доллар бағамының өсіміне дейін 900 теңгеден сатылған Құлынды майы қазір 1100 теңгеге саудалануда. Ал Оңтүстік Қазақстанда тұрғындар әмбебап дүкендерді айтпағанда, базарлардың өзінде бағаның өзгергенін байқаған. Шығыс Қазақстанның халқы да азық-түлік бағасының құбылып тұрғанын айтуда.

Жаңа май алайын десем, 900 тг болған, Құлынды майы енді 1100 деп тұр. Алып жатырмыз. Уже көтерілді.

Ну, особо пока таких повышений нет. Цены все-таки поднялись. Я по многим базарам езжу по оптовым даже, цены действительно разные.

На сахар выросли, каждый день растут. Последний раз был 158 в Арзане, а потом - 180. Мне кажется, немного поднялись, все, теперь ждем, когда же пенсию поднимут.