Қызылжарда «Нұр Отан»
партиясының «Айқын тариф» атты әлеуметтік жобасы сәтті жүзеге асуда. Мақсаты - коммуналдық кәсіпорындар белгілеген тарифті тұрғындарға егжей-тегжейлі
түсіндіру. Партиялықтар тұрғын үйлерге жылу есептегіш құралдарын орнатудың
тиімділігін насихаттауға кіріскен. Бұл
жаңашылдық өте тиімді. Нұротандықтар 2014 жылдан бері энергокомпания мен
тұрғындар арасында бірнеше рет кездесу өткізген. Жұрт көкейінде жүрген
сұрақтарын ашық қоюға мүмкіндік алды. Осының арқасында жылу есептегіш құрал орнатқандар артып
келеді. Петропавлда 1041 көпқабатты үй болса, оның үш жүздейі аталмыш
қондырғыны орнатқан. Тағы үш жүз үйді қосу жоспарда бар.
Амангелді Сатанов, «Нұр Отан»
партиясы Петропавл қалалық филиалының кеңесшісі:
«Айқын тариф» жобасы аясында тоқсан сайын
қоғамдық кеңес өткізіп отырамыз. Онда коммуналдық кәсіпорындар, табиғи
монополияларды реттеу департаменті өкілдері және депутаттар халыққа түсіндірме
жұмыстарын жүргізеді.
Жылу есептегіш құралдарының
тиімділігі. Мәселен, Уәлиханов көшесі 48-үйдің тұрғындары бір қыста екі жүз мың
теңге үнемдеген. Әдетте тариф құны 95 теңге болса, жаңа қондырғыларды қойған
адамдар үшін жылу құны 65 теңгеге шықты. Есептегіш құралдарының ұтымды жақтарын
түйген кісілер енді оны таныстарына да ұсынып жатыр.
Юлия Андроненко, Петропавл
қаласы ПИК төрайымы:
Бізге энергетиктер бағасы 771
мың теңге болатын есептегіш құралын орнатты. Енді оның құнын 4 жылға бөліп
төлейміз. Бір пәтерден 10-15 мыңнан, яғни ай сайын әрі кетсе 150-200 теңгеден
ғана шығады. Қымбат емес. Қазір осы құралдың арқасында жылу құнын 1,5 есе арзан
төлеп жүрміз. Көрші тұратын ПИК төрайымдары да өздеріне қосайын деп жатыр.