Екінші
қыркүйек ерекше есте қалып, қазақ тарихына
алтын әріптермен енетін күн болды. Бірер минуттардан соң үшінші қазақ баласы
ғарышқа аттанбақ.
Айдын Айымбетовті «Союз ТМА-18»
зымыраны ғарыш айлағына алып ұшуға дайын. Байқоңыр айлағынан аттанатын кемеде
Айдын Айымбетовпен бірге ресейлік Сергей Волков пен дат ғарышкері Андреас
Могенсен де ұшады. Бұған дейін Айдын Айымбетовтің ғарышқа еліміздің көк байрағы
мен қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20
жылдығына арналған туларды алып ұшады, деп хабарланған болатын. Ұшу мерзімі
Астана уақыты бойынша сағат 10.34-ке жоспарланған.
Айгүл ӘДЕПБАЙ