$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ұстаздар қауымы үкімет саясатын қолдайды

AstanaTV
02.09.2015ж. 10:00
1436
Ұстаздар қауымы үкімет саясатын қолдайды

«Теңгенің еркін айналымға шығуы мемлекетіміздің өркендеуі мен ел экономикасының дамуы  үшін  қажетті шара болғаны даусыз». Алматыдағы колледж оқытушысы Айсұлу Қалымбетованың пікірі осылай. Ұстаз, жалпы төл валютамыздың еркін айналымға түсуін «дер кезінде жасалған қадам», деп санайды. Сонымен қатар ол елдегі әлеуметтік тұрақты ахуалдың сақталарына сенімді. Айсұлу Қалымбетова Елбасының өзі атап көрсеткен бес институционалды реформаның оңтайлы жүзеге асуы бағытында теңгенің еркін айналымға енуі бірден-бір қажет шара деген пікірде.

Айсұлу Қалымбетова, Алматы қаласы «Аяжан» колледжінің оқытушысы:

Елбасының, жалпы үкіметіміздің бұл бағдарламасын қолдаймын. Себебі біздің еліміздің өркендеуі үшін, халықымыздың жақсы әл-ауқатты дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін, халықымыздың әл-ауқатының жоғарылауы үшін дәл қазіргі теңгенің еркін айналымға енуі қажет деп есептеймін.

Самат ҚАНАҒАТОВ