Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкциялардың мерзімін 2016 жылдың 15 наурызына дейін
ұзартуды жоспарлап отыр. Бұл жайында The Wall Street Journal сенімді ақпарат көздеріне сілтеме жасай
отырып жазады.
Бұл
жөніндегі нақты шешім бүгін қабылданады. Сонымен, 15 қыркүйекте мерзімі
аяқталуы тиіс санкцияның болашағы әлі белгісіз күйде қалып тұр. «Еуропалық одақ қарулы қақтығысты тоқтату
жөніндегі Минск келісімінің орындалуына көңіл бөліп отыр. Сол себепті Ресейдің бірнеше азаматы мен Украина
сепаратистік ұйымдарының өкілі болып табылатын 200 адамға және бірнеше
компанияға салынған санкция мерзімін 15 наурызға дейін ұзартпақ», делінген
мақалада.