$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Орал әуежайы биыл да жөндеуге жабылды

AstanaTV
02.09.2015ж. 13:00
1759
Орал әуежайы биыл да жөндеуге жабылды

Орал қаласының әуежайы биыл да күрделі жөндеуге жабылды. Бұл туралы біздің арна тілшілеріне облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының өкілдері хабарлады.

Әуежайды күрделі жөндеуден өткізу үш кезең бойынша жүргізілуде. Ауқымды шараға ел қазынасынан 6,3 миллиард теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстарының соңғы кезеңі қыркүйектің 1-нен қазанның 15-іне дейінгі аралыққа жоспарланған. Бұл жолы әуежайдың ұшу-қону алаңы тағы да 400 метрге ұзартылып, ені 3 метрге ұлғайтылмақ. Сонымен қатар апаттық және трансформаторлық бекеттер орнату көзделген. Басқарма басшысы, әуежайдың жұмысы тоқтаған бір жарым айдың ішінде оралдық жолаушылар Ақтөбе немесе Атырау қалаларындағы әуежайдан діттеген бағыттарына ұша алатынын, айтады.

Қазыбек Меңеев, БҚО жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

15 қазанға шейін аэропорт жабылады, неге десеңіз, жұмыстар алаңның ортасында жүргізіледі. Бұл жұмысқа былтырдан бастап, 6,3 млрд ақша бөлінді, соның күні бүгінге миллиард 200 миллиондай ақшасы қалып отыр. Соның бәрі толықтай уақытында игеріледі деп есептеп отырмыз.

Еркін КАРИН 

Алдыңғы жаңалық