Сирия
оппозициясының өкілдері Астанада конференция өткізуді жоспарлап отырғанын
растады. Бұл жөнінде «Демократиялық Одақ» күрдтер партиясының мүшесі Халед Иса
мәлімдеді, - деп жазады РИА
«Новости». «Астана-2»
конференциясын қыркүйек айының соңында
өткізу жоспарланып отырған сыңайлы. Қазір соңғы дайындықтар жүріп жатыр. Халед
Исаның өзі бұл жиынға шақырту алған. «Демократиялық Одақ» мүшесінің мәлімдеуінше, іс-шараға түрлі саяси
ағымдардың өкілдері де қатысады деп жоспарланыпты.
Еске салайық, Астанада биылғы мамыр айының
25-і мен 27-і аралығында Сирия оппозициялық топтарының қатысуымен конференция
өткен еді. Іс-шараның қорытындысы бойынша шетел содырларын елден шығару, терроризммен күресу үшін біріккен майдан құру
туралы құжаттарға қол қойылды. Мұнан
бөлек Сирияның мемлекеттігін сақтап қалу
үшін, бір орталыққа бірігу жайы да талқыланған-ды.