$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Алматының үлкен айналмалы жолы Қытай қаржысына салынады

AstanaTV
02.09.2015ж. 20:00
1357
Алматының үлкен айналмалы жолы Қытай қаржысына салынады

Алматының үлкен айналмалы жолы Қытайдың қаржысына салынады. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасында өтіп жатқан мемлекеттік сапары кезінде баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Алматыдағы үлкен айналмалы жол 100 шақырымнан асады. Сондықтан ол маңызды күретамыр саналады. «Әлемдік экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатқан бүгінгі уақытта әлемдік қаржы институттарының инвестициялық мүмкіндіктері айтарлықтай азайды. Осындай жағдайда Қытаймен өзара іс-қимыл біз үшін күрделі кезеңді еңсерудің қолайлы мүмкіндігі болып саналады», - деп атап өтті Елбасы. Президент сонымен қатар бірінші кезеңде 45 мекемемен біріккен өндіріс құруға келіскенін де атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Осы жылдар ішінде біздің үкіметпен эксперттер бірге жұмыс істеп 45 мекемемен біріккен өндіріс құруға келісті. Соның 25-не қол қойдық осы кездесуде. Соның бағасы 23 млдр доллар болады. 45 қазір бірінші этапта. Екінші этапта тағы 45 нысан әкелеміз деп отырмыз Қазақстанға. Мына индустрияландыру бағдарламасын жандандыру үшін, бұл бізге өте қажет, бір жағынан. Екінші жағынан, бүкіл жерде қазір дағдарыс. Дүние жүзі банктарында ақша жоқ бізге берілетін. Сондықтан Қытайдан алып отырғанымыз осы кезеңде бізге өте пайдалы нәрсе деп санауымыз керек.

Естеріңізге сала кетсек, Елбасы мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасында жүр. Президенттің іссапары ертең де жалғасады деп күтілуде.

Айгүл ӘДЕПБАЙ