Шамамен
бір айдай уақыт ішінде Мәжіліс депутаттары 56 заң жобасын қабылдап үлгеруі
тиіс. Парламенттің төменгі палатасы бүгін алғашқы жалпы отырысын өткізді. Дәл
осы жиында мәжілісмендер 7 қазанға дейін заң жобаларын тап-тұйнақтай етіп тапсыру
жөніндегі міндетті мойындарына алды. Ал жазғы каникул кезінде басы дауға қалған
депутат Светлана Романовская журналистерге «сүттен
ақ, судан тазамын»
деп сұхбат берді. Мөлдір Бақыт-қызы
толықтырады.
Депутаттардың
қарқыны қатты. Бүгінгі отырыста бірден
45 мәселе қаралды. Спикер әріптестерін бірінші күннен белсенді әрі жинақы жұмыс
істеуге шақырды. Ырғалып жүруді уақыт көтермейді. Үкімет пен Парламент бірлесіп
жыл соңына дейін 67 заң жобасын әзірлеуі тиіс.
Дүниежүзілік сауда ұйымы
талаптарына сәйкестендірілетін құжаттар да жетіп артылады. Бұған қоса, 100
қадам бағдарламасын іске асыруға ешбір бөгет болмауы тиіс. Үш жылдық бюджет
жобасының өзі депутаттардың біраз
уақытын ұрлайтын көрінеді. Көршілес Ресей, нарықтағы алмағайып жағдайды
ескеріп, бір жылдық бюджетке көшкелі жатыр. Бұл туралы жергілікті басылымдар
жариялап үлгерді. Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова
спекуляцияға жиі ұшырайтын бүгінгі экономиканы болжау қиын екенін айта келе, ерте
ме кеш пе «біз
де бюджетті бір жылға жобалауымыз мүмкін» дегенді жоққа
шығармады.
Гүлжан
Қарақұсова,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Это
дает возможность Правительству более глубоко работать над однолетним бюджетом, и, может быть, нам не столько корректировок смотреть. Они
будут сконцентрированы
и более глубже будут изучать тенденции текущего года.
Депутаттар
экономикамен қатар отансүйгіштік рухты ояту мәселесін де ұмыт қалдырған жоқ.
«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық
патриоттық идеясы негізінде, бұдан былай азаматтардың төлқұжатына Тұңғыш Президенттің
тәуелсіздік туралы цитатасы енгізіледі. Сондай-ақ,
азаматтықты қабылдап, жеке куәлік алу кезінде адамдардың міндетті түрде ант
беру мәселесі де айтылмай қалмады. Бұл бастаманы ел
тұрғындары да құптайды.
Ал Түркияда тынығамын деп басы дауға қалған Светлана
Романовская Парламенттің тар дәлізінде журналистерді айналып өтпеді. Банкротка
ұшыраған «Трэвелсистемге»
сеніп, депутатқа Жерорта теңізі жағалауына жолдама сатқан туристік агенттік
өкіліне депутат ханым телефон арқылы қоқан-лоқы көрсетіп, балағаттаған
көрінеді. Ол таспа жазда төраға Қабиболла Жақыповқа жолданған. Депутаттың бұған
қатысты уәжі бар.
Светлана
Романовская,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Вообще
не доказано абсолютно. Я такого не говорила. Это человек, который доводил меня до 170
давления. Вообще невыносимо было с ней разговаривать. Это фейк.
Мөлдір
Бақыт-қызы, тілші:
Дегенмен,
депутат «Трэвелсистем» кесірінен туристер 25 млн доллар шығынға батты дейді.
Өзі басқаратын «Тұтынушылар лигасы» туроператордан
зардап шеккендерге тегін құқықтық көмек көрсетуге
әзір екенін мәлімдеді. Романовская қалтасы қағылған тұрғындарды өз қатарына
қосылуға шақырады. Осылайша, қарапайым туристерді алдап-арбап жүргендердің бар
былығын ашамыз деп, білегін сыбанып отыр.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ