$538.57 €629.48 ₽6.71
×

Ақтөбедегі лаңкестік оқиғада жарақат алған 8 адам әлі де ауруханада

AstanaTV
13.06.2016ж. 20:00
Ақтөбедегі лаңкестік оқиғада жарақат алған 8 адам әлі де ауруханада

Ақтөбеде лаңкестік оқиғада жараланған 8 адам әлі де ауруханада ем алуда. Бұл туралы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жазбаша ақпар таратты. Маусымның 5-і мен 13-і аралығында 40 азамат дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олар қанды қырғында зардап шеккендер. 17-іне амбулаторлық көмек көрсетілсе, 23 адам аурухана кереуетіне таңылған. Жарақаты тым ауыр 3 азамат көз жұмды. Бүгінге дейін 11 емделушінің жағдайы жақсарып, үйлеріне қайтқан. Әскери бөлімдегі қақтығыста ауыр жараланған Сырым Сүндетов санавиацияның көмегімен Астанадағы нейрохирургия ұлттық орталығына жеткізілді. Ақтөбедегі ауруханаларда жатқан 8 адамның жағдайы орта деңгейде ауыр деп бағаланып отыр.

Мансұр ЕСҚОЖИН