Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қытай әскері 300 мың адамға қысқармақ

AstanaTV
03.09.2015ж. 13:00
1813
Қытай әскері 300 мың адамға қысқармақ

Қытай қарулы күштерінің қатары 300 мың адамға қысқартпақ. Бұл туралы Аспан асты елінің төрағасы Си Цзиньпин Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғысындағы жеңіске және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 70 жыл толуына арналған салтанатты шараның ашылу барысында мәлімдеді.  

«Біз, қытайлықтар, бейбітшілікті жақсы көреміз. Қытай қаншалықты мықты елге айналса да, біз ешқашан өктемдікті іздемейтін боламыз. Қытай өзге елдерге ешқашан зардабын тигізбейді»,- деген Қытай төрағасының сөздерін ТАСС таратты.

Айта кетерлігі, парадтың басталуына 40 минут қалғанда Аспан асты елінің Төрағасы Си Цзиньпин зайыбы Пэн Лиюаньмен бірге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Тяньаньмэньнің бас трибунасының алдында қарсы алды. Мемлекет басшысының қызыл кілемдегі амандасу және суретке түсу сәті Тяньаньмэнь алаңының барлық экрандарынан көрсетілді.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпарға сай, Ресей, Моңғолия, Мысыр, Чехия, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және өзге де мемлекет басшылары салтанатты шеруге келді. Барлығы 23 елдің басшылары қатысып отыр. Парадтық саппен Қытай қарулы күштерінің 50-ге жуық эшелоны жүріп өтті. Ал әуеге 20 түрлі 200-дей ұшақ көтерілді. Шеруге өзге елдердің де әскерилері қатысып жатыр. Оның ішінде Қазақстан қарулы күштерінің аэромобильді әскери күштері де ат салысуда. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ