$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Америкалық конгресстің қарсылығына қарамастан, Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келісім өз жалғасын табады

AstanaTV
03.09.2015ж. 13:00
1066
Америкалық конгресстің қарсылығына қарамастан, Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келісім өз жалғасын табады

Америкалық конгресстің қарсылығына қарамастан, Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келісім өз жалғасын табады. Бұл туралы ақпарды CNN таратты. Жуырдағы конгресс сайлауында республикашылдар жеңіске жетіп, демократ Барак Обаманы Тегеранның мүддесін қорғайды деп айыптаған. Десе де, бүгін президенттің Ислам мемлекетімен ядролық келісімге байланысты бастамасын 34 сенатор қолдады.

Еске салсақ, Иран мен "алтылық" елдері арасындағы келіссөздер 10 жылға созылған. Нәтижесінде биылғы шілде айынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы бақылаушылары ирандық ядролық нысандарды еркін аралап, тексерістер жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Тиісінше Ислам мемлекетіне қарсы шектеулер де жеңілдетіле бастады.

Жұрағат БАМАН