Қызылордалық
дихандар қала тұрғындарын табиғи әрі арзан ауыл шаруашылық өнімдерімен
қамтамасыз етуді қолға алмақ. Жеміс-жидек, көкөніс, ет-сүт өнімдері мен балық
тиелген жүк көліктері енді әр жексенбі сайын облыс орталығына жол тартатын болады.
Шаһар
тұрғындарына ұсынылатын өнімдер арасында тіпті мал азығы мен отын да бар. Жәрмеңкеге
ағылған шаһар тұрғындары қыстық азығын қамдап алуға асыққан.
Күріш,
сәбіз, пияз, тәтті
бұрыш пен картоп. Қала тұрғындары өнімдерді молынан алуға тырысып жатыр.
Дихандардың да саудасы қызған. Келішулер еттің бағасына да
риза. Сиыр етінің келісі мың теңгеден
сатылуда. Ал қой іздеген адам 10-15 мың теңгеге осы
жәрмеңкеден алуға мүмкіндігі бар. Өнімдер - сапалы, бағалары - тиімді, ал сатып
алушылар - дән риза.
Тасқара Балғабаев, Қызылорда
қаласының тұрғыны:
Жұрттын бәрі күтті, ойлады, «енді
заттың бәрі қымбаттайды» деп, керісінше. Бір күріштің өзін айтайын. Базарда 270
теңгеге дейін барады, ал қазір 150 теңгеден сатылып жатыр. Қалада автобуста
тегін жүрдік, кассир жоқ.
Рабиға
Сапарбаева,
Қызылорда қаласының тұрғыны:
Көңіліміз орнына түскен сияқты,
өйткені сатылып жатқан бізге қажетті тағамдар - барлығы екі есе төмен бағада
сатылып жатыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бірігіп өтетіндігімізге
сенімдімін.
Жәрмеңкеге
облыстың үш ауданынан керуен жеткізілген. Қаладағы ағайынға бір күннің өзінде
сегіз жүз тоннадан астам өнім сатылды. Аймақ басшылары «қыстың
қамын ойлағандар»
желтоқсанға дейін әр жексенбі сайын осында келіп азығын молайта алады деп
сендірді.
Талғат
Бекішев, Қызылорда
облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
Бұл
жәрмеңкелерді бірінші желтоқсанға дейін өткізу жоспарлануда. Әр жексенбі күні
облысымызда әр ауданы бекітіліп отыр, графикке сәйкес осындай ярмаркалар
жалғасын табуда. Бағалары нарықтың бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылуда.
Сонымен
қатар, берекелі жәрмеңкелерді аудандарда да өткізу қолға алынған. Баға
тұрақтылығын жергілікті шенеуніктер қадағалайтын болады. Ал, тұрмысы төмен
отбасыларға тізім бойынша тегін азық тарату жоспарда бар.
Шарипа
САҚТАПОВА