Қостанайда
«Абайла, балақай» деп аталатын айрықша шара өтті. «Жолды кесіп өткен соң
телефонмен сөйлес». «Жол бойында СМС жіберме». Осындай жазу жазылған
плакаттарды ұстаған жас инспекторлар көше бойымен жүріп өтті. Полиция
қызметкерлерінің айтуынша, қауіпті жағдайлардың туындауына көбіне жаяу
жүргіншілер себеп болатын көрінеді. Мәселен, жыл басынан бері облыста 400-ден
астам жол-көлік апаты тіркелсе, соның 163-і жаяу жүргіншілердің кінәсінен
болған.
Бұл шараға өңірдегі көңілді тапқырлар клубының ойыншылары мен жастар
ұйымы да өз үлестерін қосты. Олар бет-жүзін бояп, түрлі-түсті киім киіп, көпшілік назарын өздеріне аударуға тырысты.
Балалармен тілдесіп, жол-көлік қозғалысы ережесін сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.
Юрий
Панасенко, Қостанай
облысы ІІД ӘПБ аға инспекторы:
Жыл басынан бері 3 бала қайтыс
болып, 64-і түрлі жарақат алды. Солардың ішінде жол өткелінде құлаққап, ұялы
телефон сияқты құрылғыларды пайдаланудың кесірінен орын алғаны аз емес. Біз
халық арасында арнайы сауалнама жүргізіп, жол-көлік апаттарының көбісі жаяу
жүргіншілердің бейқамдығынан болатындығын анықтап көрдік.
Заңғар САНАЙ