Алматыда
Наурызбай ауданында лай көшкіні жүрді. Бұл ақпаратты қалалық ТЖД баспасөз
қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдай жексенбі күні
таңертеңгі 8:29-да «Алма» бау-бақша қоғамында орын алған. Қалалық ТЖД
баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, су жиналу салдарынан
бау-бақша учаскесіндегі топырақ дымқылданып, соның салдарынан жолдың
бұрылысында лай көшкіні жүрді. «Қазселденқорғау» ММ-нің техникалары
лай массасы жүруінің салдарын жедел түрде жойған.
Қазіргі уақытта бұрылыс
бөлігі қалпына келтірілген. Төтенше жағдай салдарынан қаза болғандар мен жапа
шеккендер жоқ.
Абзал ҚҰРМАНКИН